Әлемдегі ең жылдам адам – Усэйн Болт футболдағы мансабын аяқтады  - на sport.bugin.kz
Нұрқанат Атажан - на sport.bugin.kz Нұрқанат Атажан

Жеңіл атлетикадан футболға ауысқан Усэйн Болт, спорттан түбегейлі кетті

«Найзағайлы Болт» есімімен белгілі ямайкалық желаяқ 2017 жылы Лондонда өткен әлем чемпионатынан кейін жеңіл атлетикамен қоштасқанын мәлімдеген болатын. 

Кейіннен, өзінің футболдағы бағын сынағысы келетіндігін айтып, 2018 жылдың тамыз айында австралиялық "Сентрал Кост Мэринерс" клубымен бірге жаттығуға және ары қарай кәсіби түрде келісімшарт жасасуға болатындығы жөнінде келісімге қол қойған болатын. Ол осы австралиялық футбол клубының сапында "Макартур Саут Вест Юнайтедке" қарсы өткізген жолдастық кездесуде екі гол соғып, кейіннен кәсіби футбол лигасында "Сентрал Кост Селект" клубына қарсы ойын өткізген. Болт, бұл футбол клубымен 2018 жылдың қараша айында жұмысын тоқтатып, 2019 жылдың қаңтар айында футболдық мансабын аяқтағандығын жариялаған.

Усэйн Болт өзінің мәлімдемесінде: «Бұл мен үшін жақсы тәжірибе болды. Маған расында команда құрамында болу ұнады, бұның жеңіл атлетикамен салыстырғанда ерекше айырмашылығы бар. Бұл өте қызық болды», – дегендігін ЕSPN телеарнасы хабарлайды. Спортшының сөзінше, ол қазір тек бизнеспен айналысқы келеді.

Әлемдегі ең жылдам адам – Усейн Болт жеңіл атлетикадан 8-дүркін олимпиада және 11-дүркін әлем чемпионы. Оған 100 және 200 метр қашықтықта жүгіру бойынша әлем рекордтары тиесілі. Оның жеңіл атлетикадан футболға ауысы спорттағы үлкен сенсациялардың бірін әкелген болатын.

0 Пікір Кіру