Жәнібек Әлімханұлы бесінші жеңіске қол жеткізді - на sport.bugin.kz
Талғат - на sport.bugin.kz Талғат

Бокс жаңалықтары

Орта салмақтаға Жәнібек Әлімханұлы АҚШ елінде нокаутпен жеңіске қол жеткізді

25 жастағы боксшымыз өзінің бесінші жеңісін шаршы алаңда тойлады. Жәнібектің қарсыласы 28 жастағы америкалық Стивен Мартинес болды.  Жекпе жек 8 раундқа есептелген болатын. Бірақ қарсылас шамасы тек 5 раундқа дейін жетті

Отандасымыз бірінші минуттан бастап-ақ бірінші номермен жұмыс жасады.  Үшінші раунда Жәнібек қарсыластың дәл бауырынан соққы жасап нокдаун жіберді. Осыдан кейін ақырындап отандасымыз шаубылды үдете түсті. Жерлесіміз 5 раундта соққыларын қарша боратты. Төрешелердің шешімімен 5 раунд ортасында айқас аяқталды. Жеңіс Жәнібек Әлімханұлында.

0 Пікір Кіру