Чемпиондар Лигасы. "Лион-Барселона" ойыны туралы - на sport.bugin.kz
Равиль Ашығалиев - на sport.bugin.kz Равиль Ашығалиев

"Лион-Барселона" кездесуінен не күтеміз?

Футбол жанкүйерлері асыға күткен Чемпиондар Лигасы қайта оралды. Бұл дегеніміз, ұйқысыз түндер мен ұмытылмас эмоциялар да қайта оралды деген сөз. Футбол сарапшыларының ойынша, сондай қызықты сәттер сыйлайтын ойындардың бірі атанып отырған "Лион-Барселона" кездесуінен не күтеміз?

«Лион» соңғы 7 жыл ішінде Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңіне шығып, «Барселона» командасының қарсыласы атанды. Білетіндеріңіздей құрамында әлемнің үздің ойыншылары өнер көрсететін «Барселона» аталмыш турнирдің басты фавориттерінің бірі. Алайда, Бруно Женезьо жігіттері топтық кезеңде Еуропаның азулы командалары қатарынан көрініп жүрген «Манчестер Ситиге» қарсы өткен екі ойында ұпай жоғалтпады. ( 4 ұпай, бір жеңіс, бір тең ойын). Сайып келгенде, «Олимпик Лион» мықтыларға тең дәрежеде қарсылық білдіре алатын ұжым. Осыдан көп уақыт өтпес бұрын, Франция чемпионаты аясында «Лион» алдыңғы айтқан сөздеріме дәлел келтірді. Ішкі біріншілікте шашасына шаң жұқтырмай келе жатқан Париждік клубты қабылдап, «Лион» 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Ал, Барселонаға келетін болсақ, каталондық клуб өзі өнер көрсетіп келе жатқан турнирлерде қадамын нық басады. Тек, Эрнесто Вальерде бастаған ұжымды «Мессизависимость» ауруымен ауырады деп кінәлайды. Яғни, аргентиналық жұлдыз Лионель Мессисіз командасы көңіл көншітерліктей ойнай алмайды дейді жанкүйер қауым. Бұл сөздің де жаны бар. Бірақ, осыған қарамастан каталондықтар Испания чемпионатында қарсыластарынан 7 ұпайға озып, айқын басымдылықпен келе жатыр. Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде «Интер», «Тоттенхэм», «ПСВ» секілді әлемнің алдыңғы қатарлы клубтарымен бақ сынасса да аса бір қиын жағдайда қалмады. Бұл дегенміз, «Барселона» ауыр сынақтардан сүрінбей өтетін команда екенін дәлелдейді.

«Лионның» қонақтардың мықтылығына қарамай тойтарыс беретініне күмән жоқ. Тек, француздықтар сапында бүгін команда лидерінің бірі Фекир алаңға шықпайды. Бұл қонақтар үшін көңіл қуантарлықтар жағдай емес. Бірақ, Уссем Ауар секілді саңлақтар Набильді жоқтатпайтыны белгілі. «Барселона» сапында да бүгін алаңға шығуы екі талай ойыншылар бар. Орталық алаң шебінде шебер өнер көрсететін Артур жарақатына байланысты бүгінгі ойынға қатыса алмайды. Сырқатынан сауыққан Юмтитидің де ойынға қатысу-қатыспауы екі талай. Алайда, бүгінгі ойынға алаңға шығатын аяқ допшылар тізіміне есімі енген. Сондықтан, екі клубтың негізгі құрамында біраз өзгерістер болады.

Француздардың тегеурініне қарамастан бүгін, «Барселона» айқын фаворит. Каталондықтардың осы күнге дейінгі Чемпиондар Лигасының плей-оф кезеңінде ойнау тәжірбиесі-«Барселона» матчтың жеңімпазы атануына мұрындық болады. Менің зерттеуімнің қортындысы бойынша бүгінгі ойын өте тартысты әрі қызықты өтеді. Голдар көп соғылады. Және, «Барселона» 1-2 доп айырмасымен қарсыластарын жеңеді. Бүгін біз сөзсіз өте қызық ойынның куәгері болатынымыз анық. Ал, сіздер қалай ойлайсыздар жанкүйер жұрт?

0 Пікір Кіру