Финалға шыққан боксшылар санынан бірінші болған Қазақстан құрамасы жеңіліп қалды - на sport.bugin.kz
Мəке Журналист - на sport.bugin.kz Мəке Журналист

Бірде-бір боксшымыз алтын ала алмады

Бокстан Қазақстанның ерлер құрамасы Болгарияда өткен "Странджа-2019" халықаралық турнирінің жүлделер есебі бойынша жетінші орында. Финалға шыққан боксшылар саны бойынша Қазақстан бірінші орында болатын - бес спортшы, Ресей мен Өзбекстанда төрт боксшыдан шыққан. Финада Ресейлік үш боксшы қазақстандықтармен жұдырықтасты, ал өзбекстандықтардың финалдық бір кездесуі өз боксшылары арасында өтті. Ринг иелері мен АҚШ-та екі боксшы финалға шықты, Украина, Үндістан мен Түркияда жалғыздан. 

Финалдық кездесуде қазақстандық барлық боксшы жеңілді. Ал 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Абылайхан Жүсіпов (69 келіге дейін) жарақат салдарынанфиналда жұдырықтаса алмайтыны белгілі болған. 
Осылайша, Теміртас Жүсіпов (49 келіге дейін) 2018 жылғы Азиада чемпионы үндістандық Амит Пангалдан, Закир Сафиуллин (56 келіге дейін) ресейлік Артур Субханкуловтан, ал Санатәлі Төлтаев (64 келіге дейін) тағы бір ресейлік Алексей Мазурвтан жеңілді. Василий Левит те Ресей чемпионатының үш дүркін жеңімпазы Садам Магомедовты жеңе алмады.
Нәтижесінде төрт алтын және бір қола медальмен Ресей құрамасы бірінші орында. Екінші Өзбекстан - екі алтын, екі күміс және бір қола. Үшінші орын америкалықтарда - бір алтын, бір күміс және екі қола. 
Сонымен бірге жүлде есебінде бір боксшысы ақтық сында жеңіске жеткен Болгария, Украина және Үндістан да Қазақстаннан асып кетті.
0 Пікір Кіру