Данияр Елеусіновтің тіс қаққан мексикалықпен жекпе-жегі қашан болады? - на sport.bugin.kz
Мəке Журналист - на sport.bugin.kz Мəке Журналист

37 жеңісі бар қарсыласымен кездесуі екі аптадан кейін болады.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің (5-0, 3 КО) келесі жекпе-жегін "Хабар" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Жекпе-жек АҚШ-тың Филадельфия қаласында өтеді. Трансляция Астана уақытымен 16 наурыз таңғысын шамамен сағат 06:00 мен 08:00 аралығында. 


Бокс кешін ұйымдастырушы Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы. Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген.
Елеусіновтің қарсыласы кәсіпқой рингте 60 жекпе-жек өткізген 36 жастағы мексикалық Сильверио Ортис (37-23, 18 КО).


0 Пікір Кіру