Лука Модрич: «Роналдудың жоқтығы білінді...» - на sport.bugin.kz
Жандарбек Жумагулов - на sport.bugin.kz Жандарбек Жумагулов

Оны алмастыратын адамды табу мүмкін емес...

Мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Лука Модрич командадағы Роналдудың жоқтығы білінгенін айтты, – деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Isport.ua-ға сілтеме жасап.

«Роналду — командадағы орны үлкен ойыншылардың бірі. Оны алмастыратын адамды табу мүмкін емес. Ол сияқты клуб үшін бәрін жасаған ойыншының орны әрдайым ойсырап тұрары хақ. Командадағы ойыншылар оның атқарған жүгін бөліп алғанмен, қиын тиіп жатыр.

Криштиану секілді  ешкім 50 гол соға алмайды. Біздің кейбір ойыншылар 50 гол соқпаса да, тіпті 20 әлде 15, тым құрығанда 10 гол соғуға талпынып көрді, бірақ болмады. Сондықтан жақсы нәтиже көрсете алмауымыз – біздің ең үлкен проблемамыз болып отыр. Мәселен, «Барселонаға» қарсы ойында бірнеше қауіпті сәтті ұйымдастырсақ та, қарсыласымыз оңбай жазамызды берді.

Криштиану енді келмейді және біз алдағы 10 жыл бойы оның жоқтығын айтып отыра бермеуіміз қажет. «Реал» Бэйл, Асенсио және Бензема секілді ойыншыларға үміт артты. Тіпті біз құрамға Мариано мен Винисиус секілді жақсы ойыншыларды қостық. Бірақ олар жас ерекшелігіне қарай бәрібір біз күткендей нәтиже көрсете алмады. Ең дұрысы – әрқашан бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірге жаттығу. Сол кезде ғана Мадрид аяғына нық тұрады. Мадрид әлі оралады…» — деп Модричтің сөзін келтіреді «Реалдың» баспасөз қызметі.

Айта кетейік, корольдік клуб каталондық «Барселонаға» қарсы соңғы екі ойында да жеңілістің ащы дәмін татқан болатын. Бірінші ойында 0:3, екінші ойында 0:1 есебімен есе жіберді.

0 Пікір Кіру