Головкин өзі үшін жауап беріп үйренген – Абель Санчес - на sport.bugin.kz
Мəке Журналист - на sport.bugin.kz Мəке Журналист

Бапкер GGG залға қашан оралатынын айтты

Бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) бапкері Абель Санчес BoxingTalk арансына берген сұхбатында боксшының болашағына қатысты шешімді қашан қабылдайтыны айтты.

Мұның алдында Головкин осы аптада жаңа телесеріктеске қатысты мәлімдеме жасайды деп күтілген. 
– Головкинде не болып жатыр?
– Білмедім. Ол істеу керек нәрсені істеп жатыр. Алдымен болашағын қамтамасыз ету қажет. Осыдан кейін бірден мәлімдеме жасайды. Солай ойлаймын, - дейді Санчес. 
– Головкин үшін ең ұтымдысы DAZN екені бәріне анық. Мұнда ең үлкен жекпе-жектер, Головкин жақсы кездесулерден ешқашан бас тартқан емес. Сондықтан DAZN-мен келісімшарт уақыт еншісінде сияқты. Айтпақшы Головкин биыл қанша жекпе-жек өткізеді?
– Кемі екеу деп үміттенемін. Бірақ қазір айтқанымдай, болашағының қамымен жүр. Ең жақсы нұсқаны таңдап, бұл мәселеге нүкте қойған соң, жаттығу залына оралады.
– Ал нақтырақ ештеңе білмейсіз бе? Әлде айтқыңыз келмей ме? Жекпе-жек қашан?
– Геннадий Головкин өзі жауап беріп үйренген.
– Ал қазір залда кім бар? 
– Сергей Богачук 24 наурыз Голливудтағы Avalon аренасында жұдырықтасады. Тағы Али Ахмедов, Перро Ангуло бар. WBA крузерінде не болып жатқанын түсінгісі келетін Арсен Гуламирян дайыналып жатыр. Ол Бейбіт Шүменовке міндетті қарсылас. Не боларын көреміз. Жақын күндері Джо Джойс қосылып, алдағы жекпе-жектерге дайындаламыз.
– Тағы қандай жаңалығыңыз бар?
– Бәрі жақсы. Жұмыс жүріп жатыр. Боксшыларда да, жанкүйерлерде де бәрі жақсы деген ойдамын. Жанкүйерлер тезірек Головкиннің шешімін естігісі келетінін білем. Бірақ оны асықтырып керек емес. Өзі шешім қабылдап, өзі мәлімдейді. Былай айтайын: Головкинге кім не ойлап, қандай кеңес беретіні маңызды емес... Оның өз пікірі маңызды.


0 Пікір Кіру