Қазақ баласы жеңіліп көрмеген бразилиялық спортшымен жекпе-жек өткізеді - на sport.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на sport.bugin.kz Марғұлан Ақан

Мұстафа Өзтүрік

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Арман «Мұстафа Өзтүрік» Әшімов жеңілістің кермек дәмін татып көрмеген бразилиялық спортшымен жұдырықтасады. 

M-1 Global тұжырымының уақытша чемпионы атағына қол жеткізген Әшімов 30-наурыз күні шаршы алаңға қайта оралады. «Мұстафа Өзтүрік» лақап атымен танылған отандасымыз Алматы қаласында өтетін M-1 Challenge 101 турнирінде сынға түседі. Ол жеңіліп көрмеген бразилиялық Кайк Аленкармен (9-0) кездеседі. Қос спортшы ең жеңіл салмақта өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Кайк Аленкар M-1 Challenge Battle in Atyrau турнирінде отандасымыз Талғат Жұмағалиевтен басым түскен болатын.

Qsport.kz

1 Пікір Кіру
  • Ereke Ded 10 Наурыз, 2019

    Көз тимесің, Аллаһ күш-қуат берсің. Қазақтын туы биікте желбірей берсің, әумин.