Криштиану Роналду: Сейсенбі күнгі камбэкке дайынмын! - на sport.bugin.kz
Жандарбек Жумагулов - на sport.bugin.kz Жандарбек Жумагулов

Роналду жанкүйерлерден үлкен қолдау күтетінін жеткізді.

Туриндік «Ювентус»  клубының шабуылшысы Криштиану Роналду «Атлетикоға» қарсы қарымта ойын алдында клубтың ресми сайтына сұқбат берді. Ол жанкүйерлерден үлкен қолдау күтетінін жеткізді.

– Криштиану, «Ювентус» турнир кестесінде көш бастап келеді. Команданы мықты ететін не нәрсе?

– Меніңше, біздің команда ғажап маусымды өткеріп жатыр. Әсіресе, лигада. Біз турнир кестесінде көш бастап, екінші тұрған командадан 16 ұпай алдамыз. Командамыз мықты. Ойындағы әрбір сәтті бақылауда ұстаймыз. «Миланды» ұтып, Суперкубокты жеңіп алдық. Ендігі нысанамыз – «Скудетто» және әрине, сөзсіз Чемпиондар лигасы.

– «Ювентустың» ендігі тағдыры «Атлетикоға» қарсы қарымта ойында белгілі болады. Команданың қазіргі жай-күйі қалай?

– Командада бәрі жақсы. Жеңіске деген сеніміміз мол. Бұл түнді ұмытылмастай етуіміз керек.

– Ойын алдында біздің жанкүйерлерге айтар сөзің бар ма?

– Иә, әрине. Мынаны айтқым келеді: сейсенбі күні жақсы нәрсе ойлаңыздар. Сеніңіздер! Бәрі мүмкін. Бірақ бізге сіздердің көмектеріңіз қажет. Бәріңіз бірге стадионды ерекше қылыңыздар! Көмектеріңіз ауадай қажет! Біз алаңда өз жұмысымызды орындап, гол салуға және жеңуге бар күшімізді саламыз. Тағы да айтам, бірақ ол үшін сіздердің көмектеріңіз керек! Көп рақмет!

– Сен камбэкке дайынсың ба?

– Иә, мен дайынмын. Сіздер де камбэкке дайындалыңыздар!



0 Пікір Кіру