Зидан «Реалға» қайта оралды  - на sport.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на sport.bugin.kz Марғұлан Ақан

Ресми мәлімдеме

Зинедин Зидан Испанияның "Реал Мадрид" клубының ресми түрде бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы клубтың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Араға бір жыл салып, Реал Мадридпен үш жыл қатарынан чемпиондар лигасын ұтып алған бапкер клубтың тізгінін қайта қолына алды. Келісішарт бойынша, 2022 жылдың отызыншы маусымына дейін Зидан өз міндетін атқаратын болады. Реалдың бас бапкер міндетін атқарған Сантьяго Солари қызметінен босатылды. 

Айта кету керек, корольдік клуб биыл чемпиондар лигасының ширек финалында "Аякске" жол беріп, жарыс жолынан шығып қалған болатын. 

0 Пікір Кіру