Зидан «Реалға» қайту үшін 6 шарт қойған - на sport.bugin.kz
Мəке Журналист - на sport.bugin.kz Мəке Журналист

Клуб президенті Флорентино Перес бұл шарттарға көнген соң, Зидан келісімшартқа қол қойған

46 жастағы франциялық маман клубпен 2022 жылдың жазына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. 

Мұның алдында Зинедин Зиданның маусым ортасында бапкерлік қызметке қайтпайтыны туралы ақпараттар таралған еді. Бірақ Реал президенті Флорентино Перес оның бұл ойын өзгерткен.

Marca басылымының хабары бойынша, Зидан басшылыққа 6 шарт қойған жəне оларды бұлжытпай орындауды талап еткен:

– Команданы толық бақылау;

– Ойын үлгісіне сай емес ойыншыларды сатып жіберу;

– Марсело мен Исконы құрамда сақтап қалу;

– Неймар трансферінен бас тарту;

– Хамес Родригесті артқа қайтармау;

– Мбаппені сатып алу үшін қолдан келгеннің барын жасау.

Клуб президенті Флорентино Перес бұл шарттарға көнген соң, Зидан келісімшартқа қол қойған екен.

Айта кетейік, француз маманы бұған дейін корольдік клубпен үш жыл қатарынан чемпиондар лигасын ұтып алған болатын.

0 Пікір Кіру