Қазақстандағы ең мықты шахматшы жігіттер кімдер? - на sport.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на sport.bugin.kz Қаракөз Амантай

Шахматтан әлем чемпионаты

Астанада шахматтан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Оған әлемнің ең мықты әйелдер және ерлер командалары қатысуда. Бұл туралы Inform.kz хабрлайды. 

Танымал шахматшы Дәрмен Сәдуақасовтың айтуынша, Қазақстан құрамасында қыздар ғана емес, мықты шахматшы ұлдар да бар.

«Енді, бізде Динара Сәдуақасова, Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева сияқты жұлдыздар бар. Олар туралы ылғи айтамыз. Бірақ осы чемпионатта әлемге тағы бір шахматшы танылды. Ол - Ринат Жұмабаев. Әзірше, жеке есеп бойынша Ринат бірде-бір рет жеңілмеген. Чемпионатта ол бірінші нөмірмен өнер көрсетіп жатыр. Оған қарсы шығып жатқандар да №1. Мәселен, әлем жұлдызына айналған Сергей Карякин мен Майкл Адамсты жеңді. Олар - мықты шахматшылар», - деді Д.Сәдуақасов журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, ресейлік Сергей Карякин танымал шахматшы Магнус Карлсенмен ойнап, тең түскен болатын. Қосымша уақытта ғана жол беріп қойды. Ал Майкл Адамс ұзақ уақыт бойы әлемнің үздік шахматшыларының ондығында болған. Бүгінде ол Ұлыбританияның үздік ойыншысы  саналады.   Еске сала кетейік, бұған дейін Дәрмен Сәдуақасов шахматшы Бибісара Асаубаеваның Ресейден қайтып келуіне қатысты пікір білдірген болатын.

«Мен өзім Бибісараның талантына тәнтімін. Әлі есімде, 6 жасында мен оны сынақтан өткіздім. Сол кезде оның қабілетін көріп, анасына бірден айттым. Оның бойында сирек кездесетін талант, мықты табиғи қабілет бар. Ол бір нәрсеге зейін қойып, ұзақ отыра алады. Оны «зейін концентрациясы» дейді. Дәл осы концентрацияны Бибісара ұзақ уақыт ұстап отыра алады. Негізі, әр адамның зейін қою қабілеті әртүрлі. Ал Бибісара тест кезінде өте жақсы нәтиже көрсетті. Шахматшы үшін бұл аса қажет қабілет, үлкен артықшылық», - деді Д.Сәдуақасов журналистерге берген сұхбатында.

Айта кетейік, ерлер арасындағы чемпионатта Қазақстан атынан Ринат Жұмабаев, Мұртас Қажығалиев, Әнуар Исмағамбетов, Денис Махнев, Петр Костенко мен Павел Коцур өнер көрсетіп жатыр. Ал әйелдер арасындағы чемпионатта Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Бибісара Асаубаева, Гүлісхан Нахбаева, Гүлмира Дәулетова мен Арман Пашикян ел намысын қорғауда. 

0 Пікір Кіру