Еуропа лигасы ширек финалының барлық қатысушылары анықталды - на sport.bugin.kz
Мəке Журналист - на sport.bugin.kz Мəке Журналист

Бұл кезеңде бір елдің клубтары өзара ойнай береді.

Еуропа лигасы 1/4 финалының барлық сегіз қатысушысы белгілі болды, - деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.
Турнирдің бұл кезеңінде осы аптада англиялық "Арсенал" мен "Челси", испаниялық "Валенсия" және "Вильярреал", италиялық "Наполи", германиялық "Айнтрахт", португалиялық "Бенфика" және чехиялық "Славия" ойнайды.

Еуропа лигасының 1/8 финалынан өте алмаған командалар: аустриялық "Зальцбург", испаниялық "Севилья", итальялық "Интер", ресейлік "Зенит" және "Краснодар", украиналық "Динамо" (Киев), франциялық "Ренн" және хорватиялық "Динамо" (Загреб).
Еуропа лигасының 1/4 және 1/2 финалына жеребе тарту Швейцарияның Ньоне қаласында өтеді. Ертең 15 наурыз Астана уақытымен 18:00-де басталады. Бұл кезеңде бір елдің клубтары өзара ойнай береді. Чемпиондар лигасы 1/4 финалының алғашқы ойындары 11 сәуірде, ал қарымта ойындар бір аптадан кейін өтеді.

0 Пікір Кіру