Данияр Елеусінов алтыншы жекпе-жегінде жеңіске жетті (Видео) - на sport.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на sport.bugin.kz Марғұлан Ақан

Бокс

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (5-0, 3 КО) АҚШ-та кәсіпқой рингте алтыншы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Отандасымыз Филадельфиядағы (АҚШ, Пенсильвания штаты) Liacouras Center аренасында өткен бокс кешінде жұдырықтасты. Елеусінов жартылай орта салмақта 36 жастағы мексикалық Сильверио Ортиспен (37-23, 18 КО) қолғап түйістірді.

Сегіз раундтық жекпе-жек соңына дейін созылды. Елеусінов қарсыласын төрешілердің шешімі бойынша ұпай санымен жеңді.

Осылайша, қазақстандық спортшы кәсіпқой бокстағы алтыншы жеңісіне қол жеткізіп отыр, оның үшеуі – нокаутпен. Ал Ортис үшін бұл спорттық мансабындағы 24-ші жеңіліс.

0 Пікір Кіру