Батыр Жүкембаев бокс кешінің басты кездесуінде жеңіске жетті - на sport.bugin.kz
Мəке Журналист - на sport.bugin.kz Мəке Журналист

Бірінші жартылай орта салмақта өткен кездесу толық 10 раундтан тұрды

Батыр Жүкембаев кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне қол жеткізді. Канаданың Монреаль қаласында өткен рейтингтік жекпе-жекте өнер көрсеткен қазақстандық боксшының кездесуі бокс кешінің басты оқиғасы болды.

Жүкембаев шаршы алаңда мексикалық Хильберто Месаға қарсы жұдырықтасты. Былтыр наурызда бұл боксшыдан тағы бір қазақстандық боксшы Абылайхан Құсайыновтан жеңілген еді.

Бірінші жартылай орта салмақта өткен кездесу толық 10 раундтан тұрды және төрешілердің бірауыздан шығарған шешімі бойынша қазақстандық боксшы жеңіске жетті.

0 Пікір Кіру