Спорт тарихындағы 5 үздік мотивация. 1 бөлім - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

Назарларыңызға спорт тарихындағы бес үздік жігерлендіру сөздерін ұсынамыз

Спортта бәрі өмірдегідей. Бір адам немесе команда болсын, шешуші сәтте бәріне жігерлендіретін сөз айту керек. Бұл үлкен роль ойнауы мүмкін. Адамның ойына емес, жүрегіне жететін сөз қажет. Назарларыңызға спорт тарихындағы бес үздік жігерлендіру сөздерін ұсынамын.

Рокки Бальбоа

Бұл кино кейіпкері болса да, Сильвестр Сталлоне сомдаған бұл боксшы, спорт тарихындағы ең үздік мотиваторлардың бірі. Рокки туралы фильмдер топтамасында, бас кейіпкер жүгіріп, секіріп, өзге де жаттығулар жасап, қарсыластарын жойқын соққыларымен сұлатып, барша әлемді жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болуға жігерлендірді.

Рокки туралы фильмдердің алтыншы әрі ақырғысында, оның ұлына айтқан сөздері, кімнің болса да жүрегін тебірентеді.

"Сен білетін нәрсеңді айтайын. Әлем шуақты әрі жайдарлы емес. Бұл өте қауіпті, қатал орын. Сәл босаңсысаң болды, ол сені енді тұра алмайтындай етіп аударып тастайды. Сен де, мен де, өзге ешкім де, өмір ұратындай, соққы жасай алмайды. Сенің қандай соққы жасайтының маңызды емес, сенің қандай соққыны ұстай алатының, алға қарай қалай жүретінің маңызды. Егерде қорқыныштан бұрылып кетпесең, алға қадам басамын десең - бас. Осылай ғана жеңіске жетеді! Өз бағаңды білсең, барып, өзіңе тиесілі нәрсені ал, алайда, жылап, "мен анау үшін, мынау үшін, біреу үшін ештеңеге жете алмадым" деп айта бермей, соққыны ұстауға да дайын бол. Бұлай тек қорқақтар істейді, сен қорқақ емессің. Олай болуы мүмкін емес.  Алда не болса да, сені әрдайым жақсы көремін. Сен менің ұлымсың - менің қанымсың, мендегі бардың ең қымбатысың. Алайда, өз-өзіңе сенбесең, өмір, өмір болмайды".


0 Пікір Кіру