Еуро-2020 бойтұмары белгілі болды - на sport.bugin.kz
Мəке Журналист - на sport.bugin.kz Мəке Журналист

Футбол

УЕФА 2020 жылғы Еуропа чемпионатының бойтұмарын таныстырды. Оның есімі – «Скилзи», ағылшын тілінен аударғанда «skills» дағдылар дегенді білдіреді.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жаңа маскот футбол фристайлшысы ретінде жасалған. Ол іріктеу кезеңіндегі Нидерланды мен Германия ойыны алдында таныстырылды.

Еуропа чемпионаты 2020 жылы жазда өтеді. Оған 24 құрама қатысады. Бір қызығы, бұл турнир алғаш рет 12 елдің 12 қаласында өтеді.

0 Пікір Кіру