Спорт тарихындағы 5 үздік мотивация. 2-бөлім - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

Назарларыңызға спорт тарихындағы бес үздік жігерлендіру сөздерін ұсынамыз

Спортта бәрі өмірдегідей. Бір адам болсын, команда болсын, шешуші сәтте бәріне жігерлендіретін сөз айту керек. Бұл үлкен рөл ойнауы мүмкін. Адамның ойына емес, жүрегіне жететін сөз қажет. Назарларыңызға спорт тарихындағы бес үздік жігерлендіру сөздерін ұсынамын.

Нил Уорнок (футбол бапкері)

Нил Уорнок Англия футболының тарихындағы ең үздік мотиваторлардың бірі.Ол ойынның маңыздылығы мен қарсыластың деңгейіне қарамастан, өз ойыншыларымен қатал сөйлеседі.

1994/1995 жылғы футбол маусымында, Нил Уорнок Англияның екінші лигасында ойнайтын «Хаддерсфилд» командасын басқарған болатын.

«Хаддерсфилд» кезекті ойында жеңіліп жатады. Үзіліс кезінде команда ойыншылары киім ауыстыратын бөлмеге барып, ойын барысын талқылайды. Нил Уорнок көмекшілерімен бірге ойыншыларды бір мезетке жалғыз қалдырады. Секундтар, минуттар өтеді. Нил бөлмеге қайта кіргенде, үнсіздік орнайды. Сол мезетте «Хаддерсфилд» ойыншылары естіген үздік сөздерді, журналистер жазып алыпты.

«Екі мың жанкүйеріміз толассыз жаңбыр астында отыр, біз оларға барынша ынта-жігерімізбен жауап бере алмаймыз ба?!»

«Хаддерсфилд» бұл ойынды жеңіп, сезон соңында премьер- лигаға көтерілген болатын.

2016 жылдан бері «Кардифф Сити» командасын басқарады.

Рэй Льюис

Рэйді біреу біліп, біреу білмеуі мүмкін. Ол АҚШ-ты шарлап, жас спортшыларға қалай жеңіске жету керектігін үйрететін мотиватор.

Бірде «Стэнфорд» университеттік баскетбол командасының ойыншылары өздерінің киім ауыстыратын бөлмелерінде, жартылай финал ойынына дайындалып жатады. Сол кезде Рэй келіп, олардың не үшін жеңуі керектігін айтқан екен.

«Бәрін ұмытыңдар. Сендерге берілген мүмкіндік, өмірде бір рет қана болуы мүмкін. Ол – тарихта өзің туралы естелік қалдыру. Бүгін қандай естелік қалдырсаңдар да, паркетке барып, өздеріңнің мұраларыңды қалдырыңдар».


0 Пікір Кіру