«Реал» Мбаппе үшін «ПСЖ» клубына € 280 млн ұсынбақ - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

Футбол спорт емес, бизнеске айналып барады

Мадридтік «Реал» осы маусым аяқталғаннан кейін «ПСЖ» шабуылшысы Килиан Мбаппеге байланысты трансфер жұмыстарын жүргізе бастайды. 

Француз футболшысы «галактикостың» жазғы трансфер терезесіндегі негізгі мақсаты болмақ. 20 жастағы сұрмергенді команда сапына қосуға «Реал» президенті Флорентино Перес және команданың бас бапкері Зинедин Зидан да қызығушылық танытып отыр. 

France Football ақпараты бойынша, Перес «ПСЖ» клубына қомақты ұсыныс дайындауда және алдағы апталардың ішінде Мбаппе үшін € 280 млн ұсынбақ. 

Екі клуб өзара келісімге келетін болса, Мбаппе тарихтағы ең қымбат ойыншы болады. Қазіргі уақытта бұл атақ 2017 жылы «Барселонадан» «ПСЖ» клубына ауысқан Неймарда. «ПСЖ» Неймар үшін € 222 млн төлеген болатын.
0 Пікір Кіру