«Сарыарқа» жоғары хоккей лигасының плей-офф ойындарының келесі кезеңіне өтті - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

«Сарыарқа» Жоғары хоккей лигасының тұрақты чемпионатында 2-орынға ие болған «Нефтяникті» плей-оффтан шығарып тастады.

Жоғары хоккей лигасында плей-офф ойындарының екінші кезеңінің қорытынды ойындары аяқталды. Жетінші шешуші ойында альметьевскілік «Нефтяник» қарағандылық «Сарыарқаға» 1:3 есебімен есе жіберіп, плей-оффтан шығып қалды.

Ойындағы алғашқы шайба 20 минутта соғылды. Шайбаның авторы – «Сарыарқа» ойыншысы Александр Ремов. Екінші айналымда Олег Ломаканың арқасында есеп еселенді. Соңғы айналымда қарсыластар бір-бір шайбадан соқты. Шайба авторлары – Даниэль Насыбуллин және Максим Кицын.

Жартылай финалда «Сарыарқа» командасы «СКА-Нева» командасымен кездесетін болады. Екінші жартылай финалда «Торос» және «Рубин» командалары өзара бақ сынасады.


Айта кетейік, жооғары хоккей лигасының тұрақты чемпионатында «Нефтяник» 2-орынға ие болса, «Сарыарқа» 10-орынға табан тіреді. «Сарыарқа» хоккей клубы 2013/2014 жылғы Жоғары хоккей лигасының «Братина» кубогының иегері.


0 Пікір Кіру