«Ювентустың» жолақтарсыз жаңа формасы пікірталас тудыруы мүмкін - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

Күтпеген шешім

Интернет бетінде туриндік «Ювентустың» 2019/2020 футбол маусымына арналған формасының суреттері пайда болды. Жаңа топтаманың негізгі ерекшелігі дәстүрлі вертикальды жолақтарының болмауында.

Оның орнына форманың оң жағы – толықтай ақ түсті, сол жағы – қара, оларды тұтастай алқызыл жолақ бөліп тұр. Артқы жағының негізгі түсі ақ қосымшалар қосылған қара түс болады.

Айта кетейік, «Ювентус» жаңа топтаманы ресми түрде мамыр айында жұртшылыққа таныстырады.

0 Пікір Кіру