«Бавария» Эрнандестің трансфері жайлы жариялады - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

Француз ойыншысы тарихтағы ең қымбат қорғаушы атанды

Мюнхендік «Бавария» 24 жасар француз қорғаушысы Лука Эрнандесті сатып алды. Мадридтік «Атлетико» клубының ойыншысы мюнхендік клубпен 2024 жылдың 30 маусымына дейін келісімшартқа отырды.

Француз қорғаушысы үшін неміс клубы € 80 млн еуро төледі. Бұл туралы «Баварияның» ресми сайты хабарлады.

Айта кетейік, Лука Эрнандес осы маусым аяқталғаннан кейін, 2019 жылдың 1 шілдесінде ресми түрде жаңа команда сапына қосылады.

0 Пікір Кіру