Mundo Deportivo: Гризманн «Барсаға» ауысу үшін жалақысының 23 миллионнан 16 миллион еуроға дейін түсіруге дайын - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

Гризманн «Камп Ноуға» көше ме?

Француз шабуылшысы Антуан Гризманн 2018/2019 ойын маусымы аяқталғаннан кейін «Атлетико» клубынан «Барселонаға» ауысуды армандайды, – деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы El Mundo Deportivo - ға сілтеме жасап.

El Mundo Deportivo-ның ақпараты бойынша, Гризманн «Барсаға» өткен жазда ауысуға жақын болған, алайда «Атлетикомен» келісімді ұзартып, «Ванда Метрополитанода» қалған. Қазіргі уақытта Мадридте Антуан жылына € 23 млн табады, «Барселона» өз кезегінде жылына € 16 млн ұсынған.
Дереккөздің хабарлауынша, Гризманн жалақысын төмендетуге әзір және «Барсаның» өткен жылғы ұсынысын қабыл алмақшы. «Көк анар түстілер» Антуанның ауысуына қатты мұқтаж емес. Себебі олардың назарына «Айнтрахт» клубындағы Лука Йович пен «Манчестер Юнайтедтегі» Маркус Рэшфордте ілігіп отыр.

0 Пікір Кіру