Месси: «Криштиану «Реалда» болған уақытта жүлделерді жеңе отырып рахаттанатын едім» - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

Екі алыптың арасындағы бәсеке туралы бірер сөз

Леонель Месси Криштиану Роналдудың «Ювентусқа» ауысқанына өкініш білдірді. Себебі, Роналду «Реал» сапында ойнаған кезде, Лео үшін жеңістің дәмі өзгеше болған екен. Бұл туралы Лео Месси Club 947FM-ға сұхбат барысында айтты.

«Криштиануға қарсы ойнау қиын болғанмен, маған ұнайтын. Ол Мадридте болғанда мен жүлделерді ұтқанымнан рахаттанатын едім. Ол әлі де сол жерде болғанда жақсы болар еді», – деп мәлімдеді аргентиналық ойыншы.

Бұдан бөлек Месси әлемнің үздік ойыншыларын атап өтті: «Неймар, Мбаппе, Суарес, Азар секілді өте жақсы ойыншылар бар. Мен Роналдуны бұл тізімнен алып тастадым. Ол менің қасымда».

0 Пікір Кіру