Арман Әшімов жеңіліп көрмеген бразилиялық спортшыны жеңді - на sport.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на sport.bugin.kz Марғұлан Ақан

Ережексіз жекпе-жек

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Арман «Мұстафа Өзтүрік» Әшімов жеңілістің кермек дәмін татып көрмеген бразилиялық спортшыны айқын басымдылықпен жеңді. 

M-1 Global тұжырымының уақытша чемпионы атағына қол жеткізген Әшімов M-1 Challenge 101 турнирінде кезекті жекпе-жегін өткізді. «Мұстафа Өзтүрік» лақап атымен танылған отандасымыз жеңіліп көрмеген бразилиялық Кайк Аленкармен (9-1) жұдырықтасып, үш раунд бойы қарсыласын соққының астына алды. Ең жеңіл салмақта өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша Әшімов төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті. 

Айта кетейік, Кайк Аленкар M-1 Challenge Battle in Atyrau турнирінде отандасымыз Талғат Жұмағалиевтен басым түскен болатын.

qsport.kz

0 Пікір Кіру