Еркебұлан Сейдахмет алғашқы кездесуін өткізді - на sport.bugin.kz
Кана Байузаков - на sport.bugin.kz Кана Байузаков

Қазақтың жас талант футболшысы негізгі құрамда өнер көрсетті

Қазақ футболшысы Еркебұлан Сейдахмет "Ботевке" қарсы өткен кездесуде "Левскидің" негізгі құрамында алаңға шықты.

Алаң иелері бірінші таймда пенальтиден есеп ашты: швейцариялық легионер Давиде Мариани көзге түсті. Алайда екінші таймның 47-ші минутында "Ботев" ойыншысы Кристиан Димитров есепті теңестірді. Ойын барысында қонақ команданың капитаны Лачезар Балтанов қызыл қағаз алып, алаңнан қуылса да "Левски" одан кейін жеңіс добын сала алмады: қорытынды есеп – 1:1.

Бірнеше қауіпті соққыларымен көзге түскен қазақ футболшысы Еркебұлан Сейдахмет алаңда 76 минут өткізіп, эстоняилық шабуылшы Богдан Ващукке ауыстырылды.

Әзірге "Левски" турнир кестесінде 55 ұпаймен 3-орында тұр.

0 Пікір Кіру