Ресейлік бапкер Тұрсынбаеваның жетістік құпиясын айтты   - на sport.bugin.kz
Кана Байузаков - на sport.bugin.kz Кана Байузаков

Әлемнің ең үздік бапкерлерінің бірі Этери Тутберидзе отандасымыздың сырын ашты

Ресей Федерациясының бапкері Этери Тутберидзе мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаеваның жетістік құпиясын айтты, – деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

Бапкер өз шәкіртінің әлем чемпионатында күміс жүлде алуының басты сыры оның шығыстық менталитетінде деп санайды. 

"Шығыс менталитеті бойынша Элизабет ешқандай қарсылықсыз менің айтқанымды бұлжытпай орындады. Ал орыстың қыздары менің дегеніме бірден көне салмайды. Ол үшін алдымен ата-анасын көндіру қажет. Сондықтан да Элизабет төрт қарғып секіру әдісін қайта жаңғырта алды" – деп мәлімдеді.

Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаудан Сайтамада (Жапония) өткен әлем чемпионатында қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева күміс медаль алды. Ол төрт айналым элемент секірген алғашқы әйел мәнерлеп сырғанаушы ретінде тарихқа енді.

0 Пікір Кіру