WBC чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды - на sport.bugin.kz
Кана Байузаков - на sport.bugin.kz Кана Байузаков

Головкинге ұсыныс азаяр емес

WBA дәрежесі бойынша 2-ші орта салмақтағы жеңімпаз Каллум Смит 1 маусым күні Нью-Йоркте өтетін үлкен жекпе-жекте өнер көрсетеді. Бұл күні ауыр салмақтағы WBA, WBO, IBF белбеуінің чемпионы Энтони Джошуа кезекті кездесуін өткізбек. Ол жайында промоутер Эдди Хирн мәлімдеді.

Хирнның айтуынша Каллум Смитке деген ұсыныс Ұлыбритания мен АҚШ-та жетіп артылады. Дегенмен, АҚШ-тағы ұсыныстың құны өте жоғары. Ол жақта Смит әлемнің мықтылары саналатын Альварес, Головкин, Хулио Сезар Чавес, Джейкобспен сынды боксшылармен жұдырықтаса алады. Ал 1 маусымдағы кездесу үлкен жекпе-жек алдындағы жақсы дайындық болмақ. 

Boxingscene.com сайтының хабарлауынша соңғы уақытта британдық боксшылар АҚШ-тың телеарналарымен көп келісімшартқа қол қоюда. Алайда олардың көпшілігі өз кездесулерін АҚШ-та емес, Ұлыбританияда өткізгенді жөн деп санайды.

0 Пікір Кіру