Еуро-2020 іріктеу ойындарынан кейін Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде жоғарылады - на sport.bugin.kz
Мəке Журналист - на sport.bugin.kz Мəке Журналист

Бұл жарысты команда жеңіспен бастаған

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) жаңартылған рейтингінде Қазақстан құрамасы бір саты жоғарлады. Рейтинг бүгін, 4 сәуір ұйымның ресми сайтында жарияланды.
Рейтинг соңғы рет жаңартылғаннан бері Михал Белек жаттықтыратын команда Еуро-2020 іріктеу кезеңінде екі ойын өткізді. 21 наурызда ұлттық құрама өз алаңында Шотландияны 3:0 есебімен ұтты, ал үш күн өте Ресей құрамасынан 0:4 есебімен ұтылды.

Жаңа тізімде Қазақстан 116-шы тұр. Ресей құрамасы 50-ден 46-шы орынға көтерілді. Англия құрамасы Хорватияны төртінші орыннан ығыстырды, уругвайлықтар жетінші орыннан бір саты көтерілді, ал көшбасшылықты Бельгия сақтап тұр.

4 сәуірдегі ФИФА рейтингі:
1 (1). Бельгия - 1737 ұпай,
2 (2). Франция - 1734,
3 (3). Бразилия - 1676,
4 (5). Англия - 1647,
5 (4). Хорватия - 1621,
6 (7). Уругвай - 1613,
7 (6). Португалия - 1607,
8 (8). Швейцария - 1604,
9 (9). Испания - 1601,
10 (10). Дания - 1586,
…116 (117). Қазақстан - 1171.

0 Пікір Кіру