Елдос Сметов «Grand Prix» турнирінің финалына шықты - на sport.bugin.kz
Жандарбек Жумагулов - на sport.bugin.kz Жандарбек Жумагулов

Елдос финалда өзбек балуаны Кемран Нуриллаевпен күреседі

Елдос Сметов Анталияда өтіп жатқан әлемдік «Grand Prix» турнирінің финалына шықты, – деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

Отандасымыз алғашқы айналымда әзірбайжандық Оруж Вализадамен белдесіп, жеңіске жетсе, екінші айналымда болгариялық Валентин Алипиевтің мысын басты. Ал ширек финалда бразилиялық Фелипе Китадайды иппонмен жеңді. Жартылай финалда ұлыбританиялық Эшли Маккэнзиден айласын асырды. Енді ол финалда өзбек балуаны Кемран Нуриллаевпен күреседі

Айта кетейік, бұл дүбірлі додаға әлемнің 78 елінен 533 дзюдошы қатысып жатыр.

0 Пікір Кіру