Месси әлемдегі ең жоғары еңбекақы алатын футболшы - на sport.bugin.kz
Мəке Журналист - на sport.bugin.kz Мəке Журналист

Табысы жоғары бапкер де аргентиналық

"Барселона" шабуылшысы Лионель Месси әлемдегі ең жоғары еңбекақы алатын футболшы. Бұ туралы "Р-Спорт" порталы France Football басылымына сілтеме жасап хабарлады.
Басылым мәліметінше, аргентиналықтың табысы жылына 130 миллион еуро.

Рейтингте екінші "Ювентус" форварды португалиялық Криштиану Роналду – 113 миллион еуро. Үшінші ПСЖ ойыншысы, бразилиялық Неймар – 91,5 миллион, төртінші – "Атлетикодағы" француз Антуан Гризманн (44 миллион), ал бесінші – валлиялық Гарет Бейл, "Реала" сапында (40,2 миллион).
Ең жоғары айлық алатын бапкер де аргентиналық – Диего Симеоне, мадридтік "Атлетиконы" жаттықтырады – 41 миллион еуро. Екінші "Манчестер Юнайтедтен" кеткен португалиялық Жозе Моуринью (31 миллион), үшінші – "Монакодағы" қызметін босатқан франциялық Тьерри Анри (25,5), төртінші – испаниялық Хосеп Гвардиола ("Манчестер Сити", 24), бесінші орында тағы бір испаниялық Эрнесто Вальверде ("Барселона", 23).

0 Пікір Кіру