Головкин -  P4P королі - на sport.bugin.kz
Бегабат Ұзақов - на sport.bugin.kz Бегабат Ұзақов

Спорт

Америкалық TheFightCity.com сайтының журналисі Роберт Портис P4P (салмақ дәрежесіне қарамастан) мықты боксшыларының Топ-12 рейтингісін жасады. Онда Геннадий Головкин бірінші орында тұр.

Әлемде көптеген журналистері мен спорт саласындағы мамандар орта салмақтағы чемпион Сауль Алварестің қабілетіне күмәнмен қарайды. GGG мен Канелоның екі жекпе-жегінде де төрешілердің бұра тартқаны жайлы пікірлер қазірге дейін толастар емес. Тіпті, журналистер жекпе-жектегі соққылар санын компьютер арқылы есептеп шығарып, жеңісті Генаға бергені де бар. Дегенмен,  кәсіпқой бокс – әртүрлі деңгейдегі адамдардың мүдделері тоғысатын, өте үлкен қаржы тігілетін спорт түрі болғандықтан әділетсіздік болмай тұрмайды. Ал нағыз спорт жанкүйерлері тек мықтыны ғана мойындайды.

 Сонымен, P4P тізімі төмендегідей:

1. Геннадий Головкин

2. Василий Ломаченко

3. Александр Усик

4. Срисакет Сор Рунгвисаи

5. Теренс Кроуфорд

6. Наоя Иноуэ

7. Эррол Спенс

8.Тайсон Фьюри

 9.Мэнни Пакьяо

10. Джош Уоррингтон

11. Сергей Ковалев

12. Хуан Франсиско Эстрада

Маусым айында рингке оралатын Геннадий Головкинге нақты қарсылас табылмай жатқаны да, оғланымыздың әлі бабында екенін көрсетеді.

0 Пікір Кіру