Ауыр атлеттер бас қосты - на sport.bugin.kz
Әділхан - на sport.bugin.kz Әділхан

Ұйымдастырушылар жарыстың сәуірдің 7-не дейін жалғасып қалуы мүмкін дейді

Өскеменде ауыр атлетикадан 2009 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер мен қыздар арасында облыс чемпионаты өтуде. Зілтеміршілер бәсекесіне алты команда қатысуда.

Аймақтағы ауыр атлетиканы дамыту, әрі спортшылар арасындағы шеберлікті арттыру мақсатында өткізіліп жатқан шарада бас-аяғы 60 спортшы өз мүмкіндігін байқауда. Өскемендік жас атлеттерден бөлек, Семей қаласынан, Күршім, Тарбағатай, Алтай аудандарынан және Усть-Таловка ауылынан келген екен. Жарыс нәтижесі бойынша облыс құрамасы жасақталып, ел чемпионатына жол тартады.

– Бұл жерде бірқатар тәжірибелі спортшылар жарыс жолына шықты. Алайда спорттың біз болжай алмайтын тұстарын ескерсек, әр салмақта жүлдегерлер қатары өзгеріп салуы мүмкін. Жоғары нәтиже көрсеткендері мамырдың 1-8 аралығында Қостанайда өтетін ел чемпионатына қатысады, – дейді Олимпиадалық резерв мектебінің аға жаттықтырушысы Денис Девяткин.

Мұнда қыздар сегіз, ал жасөспірімдер 10 салмақта жүлделі орындарды сарапқа салуда. Алдымен жеңіл салмақтағы бұрымдылар сайыс шымылдығын ашты. Апалы-сіңілі Беленко, өткен жылы ел чемпионатында күміс медаль иеленген Софья Шалгина сынды қатысушылар жұлқа көтеру жаттығуында үш мүмкіндіктерін де сәтті пайдаланды. Оның ішінде, төрешілер тарапы Софьяның аяқ алысына оң бағасын беруде. Ұйымдастырушылар жарыстың сәуірдің 7-не дейін жалғасып қалуы мүмкін дейді.


0 Пікір Кіру