Головкин өзіне қарсылас іздеуде - на sport.bugin.kz
Бақдәулет Анарбай - на sport.bugin.kz Бақдәулет Анарбай

Отандасымызға лайықты қарсылас іздеу әлі де жалғасуда

WBC, WBA Super, IBF және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, жерлесіміз Геннадий Головкин маусым айына жоспарланған жекпе-жекке қарсылас іздеуде. 
GGG-дің бұған дейін мүмкін деген бірнеше қарсыластары ұсынылған, ал қазір тағы бір жаңа есім пайда болып отыр. Ол есімі бокссүйер қауымға әлі танылмаған 36 жастағы канадалық Стив Роллс. Өз карьерасында бір ғана он раундтық кездесу өткізген Стив жеңістің кермек дәмін татпаған. Карьерасындағы 19 жекпе-жектің 10-да нокаутпен басым түскен.
Санаулы күндер бұрын Головкиннің кезекті қарсыласы ата-тегі камерундық француз, орта салмақтағы WBC Silver чемпионы Хассан Ндам Нжикам болуы мүмкін делінген еді.

0 Пікір Кіру