Чемпиондар лигасы. «Ливерпуль» мен «Тоттенхэм» бірінші ойында жеңіске жетті - на sport.bugin.kz
Жандарбек Жумагулов - на sport.bugin.kz Жандарбек Жумагулов

Қарымта ойындар қалай болар екен?

Футболдан Чемпиондар лигасы ширек финалындағы бірінші ойындар өтті. Өз алаңдарында «Ливерпуль» мен «Тоттенхэм» жеңіске жетті.

«Энфильд» стадионында өткен алғашқы ойында  «Ливерпуль» 2:0 есебімен  «Портудың» мысын басты. Ойынның 5 минутында Наби Кейта есеп ашты. Үздік ойынымен көзге түскен Роберто Фирмино 26 минутта екінші голды соғып, командасына жеңіс сыйлады. Қарымта ойын келесі аптада «Порту» алаңында өтеді.

Қос ағылшындық клуб бір-бірінің осал тұсын аңдып ұзақ жүрді. Небір тамаша ұтымды сәттер болғанымен, голға айналмады. Бірінші таймда аргентиналық Серхио Агуэро пенальтиді сәтті орындай алмады. Агуэроның тепкен добын Уго Льорис кері қайтарып, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді. Лондонда өткен ойында «Тоттенхэм» өз алаңында «Манчестер Ситиді» 1:0 есебімен ұтты. 78 минутта Сон Хын Мин соққан гол «Тоттенхэмге» жеңіс сыйлады. 

Айта кетейік, бүгін түнде ширек финалдағы ойындар қайта жалғасады. Роналду бастаған «Ювентус» «Аякстың» осал тұсын іздесе, Месси бастаған каталондық «Барселона» Сульшер шәкірттеріне қарсы күш көрсетеді. Ойындарды түнгі сағат 01:00-де «Қазақстан» және «Қазспорт» арналарынан тамашалай аласыз.

0 Пікір Кіру