Теннис, гольф және Назарбаев қызығатын өзге бес спорт түрі - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

Елбасы Қазақстандағы спортты дамыту үшін бар күшін салды

Теннис

Нұрсұлтан Назарбаев: «Тенниспен 40 жасымнан айналыса бастадым. Бүгін еліміздің барлық өңірлерінде теннис орталықтары салынып, теннисті дәріптеу жұмыстары жүргізілуде. Әрине, біз әзірге Испаниямен теңесе алмаймыз, бірақ, уақыт өте келе лайықты спортшылар дайындаймыз» - деген болатын.

Теннисті дәріптеу мақсатында, 2014 жылы Астана қаласында Рафаэль Надаль мен Жо-Вильфрид Тсонга арасында жолдастық ойын өтті. Сол ойында Н. Назарбаев та болып, Рафаның қолынан теннис ракеткасын сыйлыққа алған болатын.

Қазіргі уақытта, көптеген қалалар мен облыс орталықтарында теннис орталықтары жұмыс істейді.

ATP және WTA өткізетін турнирлерде Михаил Кукушкин, Александр Бублик, Зарина Дияс, Юлия Путинцева секілді спортшылар еліміздің намысын қорғауда.

Тау шаңғысы

«Тау шаңғысымен, Алматыдағы Шымбұлақта айналыса бастадым. Ол кезде адам аз еді. Қазір орын жоқ» – деп Н. Назарбаев мақтанышпен айтқан болатын. Тау шаңғысына Елбасы 55 жаста тұрған болатын. Қазір оны таулы аймақтардағы курорттардың жиі қонағы ретінде байқауға болады.

Гольф

Гольф Қазақстанда қатты дамымаған. Бірақ, Н. Назарбаевтің арқасында бұл спорттың беделі біраз өсті.

Елбасы кейбір гольф турнилеріне де қатысып көрген. Нұр-Сұлтандағы (Астана) гольф-клубының ашылуында: «Бұл гольф-клуб жазық далада салынды десе де болады. Қазіргі таңда бұл спорт түрі Қазақстанда дамып келеді. Уақыт өте, Астанада жаңа клубтар пайда болады» - деген болатын.


Ат спорты

Елбасының бастауымен дами бастаған тағы бір спорт – ат спорты.

Волейбол

Нұрсұлтан Әбішұлы волейболмен жас кезінен айналысқан. Сабин Алтынбековамен кездесу барысында, бұл спортты дамыту керектігін айтқан болатын.

Футбол

Әлемдегі ең үздік спорт Н. Назарбаевтің жүрегіндегі бірінші болмаса да, ерекше орынға ие. Елбасы ұлттық құрама мен ұлттық біріншілік ойындарына жиі көрермен ретінде қатысады.

Велоспорт

Елбасының бастамасымен құрылған «Астана»  велокомандасы әлемдегі үздіктердің қатарында. «Джиро д’Италия», «Тур де Франс» секілді жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы.

0 Пікір Кіру