Канелоға төте жол. Промуотер чемпиондық белбеулерді қайтарудың оңай жолын атады - на sport.bugin.kz
Мəке Журналист - на sport.bugin.kz Мəке Журналист

Геннадий маусымда сәтті өнер көрсетсе, күзде үлкен жекпе-жек болады

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер боксшы келесі жекпе-жегін Нью-Йоркте өткізетінін растады.

Головкин келесі жекпе-жегін 8 маусым Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізеді. GGG  үшін бұл DAZN стриминг қызметімен үш жылдық келісімшарты бойынша алғашқы жекпе-жегі болады. Қарсылас кейін анықталады.
Головкин жеңілмеген боксшы мен әлемнің бұрынғы чемпионына маусымда жұдырықтасуды ұсынған.
"Головкин оралады. Үзіліс жасаған. Ол соңғы жекпе-жегінде жеңілмеген еді. Канелоны қанша сыйласам да қарымтада ол расымен жақсырақ жұдырықтасты, бірақ адамдар бәрін көріп тұр ғой. Ол – Халық чемпионы. Барлығы менен оның қашан оралатынын, кіммен жұдырықтасатынын сұрайды. Ол Нью-Йоркке оралады, қарсылас жақында анықталады. Нью-Йоркте Энтони Джошуа жекпе-жек өтеді, Теренс Кроуфорд те сонда жұдырықтасады. MSG алдағы бірнеше айда қызып тұрады", – дейді Леффлер Shoot The Five баслымына берген сұхбатында. 
Сондай-ақ, промоутер Головкин неге DAZN-ды таңдағанын айтты.
"ESPN үлкен қызығушылық танытты, FOX та бар. DAZN Канелоға төте жол еді. Бірінші кездесуде Головкин жеңді, екінші кездесуде тең түсті, ол белбеулерінен айырылмау керек болатын. Енді жанкүйерлер үшіншісін тамашалай алады.
Канело Джейкобспен тамаша кездесу өткізеді. Геннадий маусымда сәтті өнер көрсетсе, күзде үлкен жекпе-жек болады. Канело – Джейкобс кездесуінің жеңімпазы GGG-дің барлық белбеуін иеленеді, сондықтан бұл белбеулерді қайтарудың ең оңай жолы. Головкин мен Канело бокстағы ең үлкен пайда әкелетін боксшылар, сол себепті үшінші кездесу өтеді және ол ел аузында қалатын оқиғалардың бірі болады", – дейді промоутер.
0 Пікір Кіру