«Реал» үш футболшысын сатып 250 млн еуро пайда көрмекші  - на sport.bugin.kz
Мəке Журналист - на sport.bugin.kz Мəке Журналист

Бұл соммаға дереу құрамды күшейту үшін жаңа ойыншылар сатып алмақ

Мадридтік «Реал» клубы жазда үш бірдей футболшысын сатып жіберуі мүмкін, – деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы. 

Испанияның Sport басылымы берген ақпараттар бойынша, корольдік клуб Марсело, Иско және Бэйлді трансферге қоюға дайын. Клуб осы футболшылардың трансфері арқасында 250 млн еуро пайда табуды көздеп отыр. Бұл соммаға дереу құрамды күшейту үшін жаңа ойыншылар сатып алмақ.

Естеріңізге саламыз, алдын «Реал» Бэйлдың трансфер бағасы бойынша бір шешімге келгенін, уэльстік шабуылшы жаңа клубын өзі таңдауға мүмкіндігі бар екендігі туралы хабарлар таралған еді.

0 Пікір Кіру