Шымкенттегі стадион жөндеуден кейін қандай болады? - на sport.bugin.kz
Абзал - на sport.bugin.kz Абзал

Стадион толық өзгереді

Шымкенттегі Қажымұқан атындағы орталық стадионына жөндеу жұмыстары күзде басталады, – деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Prosports.kz-ке сілтеме жасап. Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді. 

«Орталық стадионда осы жоба бойынша қайта құрылымдау жумыстары күзде басталады. Келесі жылы күзде аяқталады. Жоспар осындай», – деп жазды қала әкімі.

Бұған дейін Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев Қажымұқан атындағы орталық стадион сәуір айында жөндеу жұмыстарына жабылатынын мәлімдеген болатын. Жөндеу жұмыстарына 45 миллион теңге қаржы бөлінген.

Алдағы құрылыс жұмыстарын словакиялық компания өз міндетіне алған. Стадион толық өзгереді. Негізгі алаңнан бөлек, қонақ үй де жөндеуден өтеді. Шетелдік қонақ спорт кешенінің әр бұрышын аралап шығып, стадион директоры Құрманбек Ордабаевпен сырласты.

0 Пікір Кіру