Әйел боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды - на sport.bugin.kz
Кана Байузаков - на sport.bugin.kz Кана Байузаков

Головкин қартайды және мен оған лайықты қарсылық көрсете аламын

Бокстан қыздар арасындағы орта салмақтың абсолютті чемпионы, WBC, WBA (Super) және IBF белбеулерінің иегері 23 жастағы  Кларесса Шилдс (9-0, 2 КО) ер азаматтармен жұдырықтасуға дайын екендігін мәлімдеді.


13 сәуір күні америкалық боксшы қазақ жерінде туған неміс өкілі Кристина Хаммерді (24-1, 11 КО) төрешілер шешімімен ұтқан соң алдағы жоспарымен бөлісті.

«Мен спаррингты жиі еркектермен өткіземін. Оларды оңай жеңіп, мұрындарын сындырамын. Менің ойымша дәл қазір Кит Турманды ұта аламын деп ойлаймын. Ер боксшылардың физикалық деңгейі мықты болғанымен, техникалық шеберлігі жағынан менімен ешкім теңесе алмайды. Мысалы, Головкин қартайды және мен оған лайықты қарсылық көрсете аламын».

«Бокс – бұл тек қана күшпен шешілмейді. Ол ғылым. Соңғы жекпе-жегіме дейін көпшілік Кристина Хаммердің күшін менен көп деп еді. Алайда кездесу барысында барлықтарыңыз қалай жеңгенімді көрдіңіздер. Егер сол сәтте ер адаммен шыққанда одан да зорына куә болушы едіңіздер».

0 Пікір Кіру