Почеттино: Менің ойыншыларым — нағыз батырлар - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

Қарапайым бапкердің шынайы қуанышы

«Тоттенхэм Хотспурдың» бас бапкері Маурисио Почеттино Чемпиондар лигасының 1/4 финалындағы «Манчестер Ситимен» болған ойындарын қорытындылап, өз командасының жартылай финалға шығуына байланысты пікір білдірді.

«Бұл керемет болды, әсіресе аяқ жағы. Мен қатты қуаныштымын. Менің ойыншыларым – нағыз батырлар. Мен олар үшін де, жанкүйерлеріміз үшін де қуаныштымын.

Бір мезетте басыңда көптеген ойлар қаптап, түңілуге жол бересің. Кейін бәрін бір шешім өзгертеді. Осы үшін біз футболды жақсы көреміз. «Тоттенхэм» өзінің мінезі мен ерік-жігерін көрсетті. Бұл ақылға сыйымсыз ойын болды», — деген Почеттино сөздерін BBC келтіреді. 

Чемпиондар лигасының 1/2 финалында «Тоттенхэм» амстердамдық «Аякспен» кездеседі. Алғашқы ойын – 30 сәуірде, қарымта ойын – 7 мамырда болады.

0 Пікір Кіру