«Ювентус» Иско үшін € 85 млн төлеуге дайын - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

«Реал» ойыншыларын жинайын деп жатыр ма?

«Реалдың» жартылай қорғаушысы Иско «Ювентус» ойыншысы атануы мүмкін, деп хабарлайды Calciomercato.

«Қарт синьора» 26 – жастағы ойыншыны сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Егер «корольдік клуб» «Челсиден» Эден Азарды немесе «Тоттенхэмнен» Кристиан Эриксенді сатып алатын болса, онда Иско тұрақты ойын уақытын іздеу мақсатында, өзге командағы ауысуы мүмкін. Испандық ойыншы үшін «Ювентус» € 80—85 млн төлеуге дайын.

Осы маусымда Иско клуб сапында 31 ойынға қатысып, 6 нәтижелі соққы жасаған. Оның «Реал Мадридпен» келісім-шарты 2022 жылған дейін қарастырылған.

0 Пікір Кіру