«Ювентус» – 2018/19 жылғы Италия чемпионы - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

Сегізінші жыл қатарынан туриндік клуб чемпион атанды

Италия біріншілігінің 33 – ші турында туриндік «Ювентус» флорециялық «Фиорентинаны» қабылдады. Кездесу Туриндегі «Альянц Стадиумда» өтіп, алаң иелеренің пайдасына 2:1 есебімен аяқталды.

Алғаш болып, 6-шы минутта Никола Миленкович есеп ашып, «Фиорентина» алға шықты. Үзіліске дейін «Ювентус» сапындағы Алекс Сандро есепті теңестірді. Ойынның 53-ші минутында Херман Песселья өз қақпасына доп кіргізіп, алаң қожайындарына жеңіс сыйлады.

Бұл жеңіс «Ювентус» клубына А Сериясындағы чемпиондық атақты алып келді. Туриндік клуб қоржынындағы 87 ұпаймен көш бастап келеді. Екінші орында келе жатқан «Наполи» командасы 20 ұпай артта қалған.

Қатарынан 8-ші рет чемпиондық атақты жеңіп алып,«Бьянконери»Италияның 35 дүркін чемпионы атанды. Екі көрсеткіш те, итальяндық футбол тарихында рекорд болып саналады.


0 Пікір Кіру