«ПСЖ» күтпеген жерден чемпион болды - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

Қарсыластары париждік клубқа чемпиондық сыйлады

Франция біріншілігінің 33-ші турдағы «Монакоға» қарсы ойынын бастамай тұрып, «ПСЖ» ресми түрде Франция чемпионы атанды. «Лилль» мен «Тулуза» арасындағы ойын тең аяқталғаннан кейін, париждіктерді енді ешкім қуып жете алмайтын болды.

Томас Тухель командасы мен «Лилль» арасындағы ұпай айырмашылығына байланысты, париждіктердің чемпиондығы сөзсіз еді. «ПСЖ» тасбақаша жорғалап, чемпион болуға үш мүмкіндікті жоғалтып алды. «Страсбурмен» ойында тең түсіп (2:2), «Лилль» (1:5) және «Нанттан» (2:3) ұтылып қалды.

Алайда, күтпеген жерден «Лилль» клубы «Тулузамен» тең ойнау арқылы, "ПСЖ"-ға чемпиондық сыйлады. Бұл ойыннан кейін, екі команда арасындағы айырмашылық 16 ұпайға жетті. Қалған бес турда, «Лилль» барлық ойынды жеңіспен аяқтағанның өзінде 15 ұпай жинайды, ол жеткіліксіз.

«ПСЖ» құрамында Неймар, Килиан Мбаппе, Эдинсон Кавани, Джанлуиджи Буффон секілді атақты ойыншылар ойнайды.

·       «ПСЖ» Франция біріншілігінің 8 дүркін чемпионы.

·       Соңғы жеті жылда, париждіктер 6 рет чемпион атанған.

0 Пікір Кіру