"Реал" Азар трансфері үшін рекордқа барып отыр - на sport.bugin.kz
Мəке Журналист - на sport.bugin.kz Мəке Журналист

"Челси" бельгиялықты үш есе арзан алған

"Челси" жартылай қорғаушысы Эден Азардың мадридтік "Реалға" ауысу мәселесі шешілуге жақын. Бұл туралы El Mundo Deportivo басылымы Telefoot бағдарламасына сілтеме жасап хабарлап отыр.
Басылым мәліметінше, бельгиялық мадридтіктер сапына осы жазда өтеді. Оның трансфері үшін "Реал" 120 миллион еуро береді.

Егер келісімшарт көрсетілген соммаға жасалса, бұл мадридтік клуб үшін рекордты ауысу болады. Бұған дейін испаниялық клуб үшін ең қымбат рансфер 2013 жылы лондондық "Тоттенхэмнен" Гарет Бэйл 100 миллион еуроға ауысқанда болған. 
Азар "Челсиге" 2012 жылы франциялық "Лилль" сапынан барған. Бельгиялық футболшы үшін англиялық команда 35 миллион еуро берген еді.
Биылғы маусымда 28 жастағы хавбек "Челси" үшін 45 матчке қатысып, 19 гол және 12 нәтижелі пас берді. Оның лондондықтармен келісімшарты 2020 жылға дейін есептелген.

0 Пікір Кіру