АПЛ командаларының асығы алшысынан түсіп тұр - на sport.bugin.kz
Жәнібек Сұлтан - на sport.bugin.kz Жәнібек Сұлтан

Ағылшындық командалар қос лиганың жеңімпазы атануы мүмкін

Биылғы «Чемпиондар Лигасы» мен «Еуропа Лига» ойындары қызықты өтуде. Әлемдегі ең мықты деп саналатын бес лиганың (АПЛ, Серия А, Лига 1, ЛаЛига, Бундеслига) командаларын ойда жоқта өзге лиганың ортаңқол командалары қос ойында жеңіп, турнирден шеттетуде. Алайда, биылғы дүбірлі дода да ағылшындық командалардың асығы алшысынан түсіп тұр. Оған қос лиганың жартылай финалына 4 бірдей ағылшындық командалардың жолдама алуы айқын дәлел бола алады.

Мәселен, Чемпиондар Лигасының жартылай финалына «Тоттенхэм» мен «Ливерпуль» командалары шықты. Енді олар «Аякс» және «Барселона» ойыншыларымен кездесетін болады. Алдағы ойындар қалай өрбитінін білмейміз. Дегенмен, финалда ағылшындық бір команда өнер көрсететіне өз басым кәміл сенімдімін. Мысалы Пеп Гвардиола шәкірттерін плей-офф ойындарынан ығыстырған «Тоттенхэм» енді аянып қалмасы анық. Соншалықты қиындықпен қолға түскен жолдаманы олар оңай бере салмайды деп ойламын. Ал, М.Салах, С.Мане, Р.Ферминио сынды үздік үштігі бар «Ливерпуль» өткен жылғы олқылықты қайталамауға тырысады. Бас бапкер Ю. Клооп бразилиялық қақпашы А. Беккерді бекерден-бекер сатып алған жоқ. Яғни, былтырғы финалдық ойындағы Л. Кариус жіберген қателікті А. Беккер қайталамайды деп сенеді.  

Ендігі кезекте Еуропа Лигасына көз жүгіртсек. Мұнда да АПЛ-де өнер көрсететін екі команда жартылай финалда ойнайды. Олар «Арсенал» мен «Челси». Лондондық қос команда мамыр айының 3 және 10-шы жұлдызында "Айнтрахт Ф" және испаниялық команда "Валенсиямен" кездеседі. Сарапшылар аталмыш лиганың финалдық ойынында қос ағылшындық команданың ойынын көруіміз мүмкін деп топшылап отыр.

0 Пікір Кіру