"Мені қорлайтын өтемақы ұсынды" Санчес Головкиннің бапкері болудан бас тартты - на sport.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на sport.bugin.kz Қаракөз Амантай

Жақсылықты түсінбеді

Абель Санчес Головкин бапкерлік қызметіме мені қорлайтын өтемақы ұсынды деп мәлімдеді. Геннадий Головкин бапкер Абель Санчеспен бұдан былай жұмыс істемейтінін мәлімдеген болатын. Қазақстандық боксшыны тоғыз жыл жаттықтырған америкалық бапкер бұл ақпаратты растады. 

Санчестің айтуынша, Головкин оның қызмет ақысының көлемін қайта қарауға шешім қабылдаған. Ал бапкер жаңа ұсыныс менің намысыма тиді әрі тиімсіз деп отыр.

"Бүгіннен бастап Геннадий Головкинмен жұмыс істемеймін", – деді Санчес баспасөзге. – Тоғыз жылда рекордтар орнатуына және DAZN компаниясымен алты жекпе-жекке 100 миллиондық келісімшарт жасауына жағдай жасадым, Бокс даңқы залының болашақ мүшесінің карьерасын дамытуға көмектестім, осыдан кейін ол бапкерлік қызметім үшін мені қорлайтын жаңа өтемақы схемасын қабылдауды ұсынды және талап етті. Мұндай ұсынысты қабылдауға менің ар-намысым жібермеді. Өкінішке қарай, сараңдық, жақсылықты білмеу және этиканың, құрметтің немесе адалдықтың болмауы қарым-қатынасымызды тоқтатуға әкелді".

Санчес бапкерлік еңбегіне қанша ақы алып келгенін айтқан жоқ, алайда Los Angeles Daily News-ке телефон арқылы Головкиннің гонорарының 10 поцентін алғанын хабарлаған, боксшы бұдан едәуір аз сома ұсынған. Головкиннің өкілі Том Леффлер бұл жағдайға түсініктеме беруден бас тартты.

Sputniknews.kz

0 Пікір Кіру