Күтпеген жеңіліс - на sport.bugin.kz
Кана Байузаков - на sport.bugin.kz Кана Байузаков

Спортта жеңіспен қатар жеңіліс те болады

91 келіге дейінгі cалмақта жұдырықтасатын қазақстандық Василий Левит Тайланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының финалына шыға алмады.

Левит 1/2 финалда Оңтүстік Корея боксшысы Ким Хьен Кюмен жұдырықтасты. Қазақстандық боксшы кездесу барысында жеңіп жатқанына қарамастан, 3-ші раундта екі рет нокдаунға түсіп, төрешілер кездесуді тоқтатты.

Одан бөлек, 49 салмақта Теміртас Жүсіпов жарақатына байланысты рингке шыға алмаса, 64 келіге дейінгі салмақта жерлесіміз Санатәлі Төлтаев тәжікстандық Баходир Усмоновтан төрешілер шешімі бойынша жеңілді.

Осылайша, Левит, Жүсіпов, Төлтаев 2019 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. 

0 Пікір Кіру