Жылына 4 млрд доллар жалақыға жұмсалады  - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

Премьер-лига ойыншыларының жалақысы өсіп барады

Әлемдегі ең бай ағылшындық Премьер-лиганың 20 клубы ойыншыларының жалақысына жылына 4 млрд доллар немесе түскен табыстың 60%-ын жұмсайды. Бұл көрсеткіштер күн санап өсіп барады.

Сол себепті өткен маусымда жоғарғы лигадағы ағылшын клубтарының табысы 20%-ға қысқарған. Deloitte мамандарының есептеуінше, бұл көрсеткіш жалақының 15%-ға өсуімен байланысты.

Бұл шығындардың басым бөлігі алты алып клубқа тиесілі: "Арсенал", "Тоттенхэм", "Манчестер Сити", "Манчестер Юнайтед", "Ливерпуль" және "Челси". Бірақ, дәл осы клубтар барлық табыстың 90%-ын алады және кестедегі алдыңғы 6 орын үшін үнемі таласады.

"Үлкен бестік" деп Англия, Германия, Испания, Италия, Францияның ұлттық біріншіліктерін айтады. Ағылшын Премьер-лигасы "Үлкен бестіктегі" ең көрнекті лига. 

Премьер-лиганың жылдық қаржы айналымы 6 млрд доллардан асса, табысы – жарты миллиардтан асады. Испандық Ла лига мен немістердің Бундеслигасының бюджеті бұл көрсеткіштен бір жарым есеге, ал, Итальяның А Сериясы мен француздық 1 лиганың бюджеті екі есеге кем.

Бұл айырмашылық жақын арада азайып, ағылшын клубтарының табысы бұрынғыдай өспеуі мүмкін. Біріншіден, келесі жылдан бастап телетрансляция құқықтары арзандайды. Екіншіден, негізгі табысты Чемпиондар Лигасындағы ағылшын клубтарының жақсы ойындары себепші болған. Келесі жылы да жақсы ойнай ма, жоқ па, ол жағы белгісіз.

0 Пікір Кіру