«Қайрат» «Барселонаны» ойсырата ұтты - на sport.bugin.kz
Мирас - на sport.bugin.kz Мирас

Үлкен футболда да осылай ойнасақ, шіркін!

Алғашқы тайм Пауло Рикардо Кака командасы үшін қиын болды. "Барселона" көбірек белсенділік танытса да алматылықтар алыс соққылармен жауап беріп отырды.

Үзілістен кейін қайраттықтар ойын жылдамдығын өзгертіп, Хоссейн Тайеби есеп ашты. Бұл қазақстандық командаға мықты психологиялық күш берді. "Қайрат" тактикалық ойын көрсетіп, бес минут өткеннен кейінесепті еселеді. Гол авторы – Тайнан. Ойын соңына қарай Джон Леннон "Қайраттың" үшінші голын салды.

Кейін қарсылас команда Лосаноның арқасында есеп айырмасын азайтты. Бірақ Эдсон қайта есепті еселеді. "Барселона" болса Диегоның голымен жауап берді. Алайда соңғы сөзді қайраттықтар айтты, Дуглас бос қақпаға гол салды. Қорытынды есеп 5:2. "Қайрат" Еуропа Чемпиондар Лигасының финалында португалиялық "Спортингпен" кездеседі.

0 Пікір Кіру